» » Енді мемлекеттік қызметшілер үйіне ерте қайтады

Енді мемлекеттік қызметшілер үйіне ерте қайтады

Енді мемлекеттік қызметшілер үйіне ерте қайтады 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметшілерінің жұмыс кестесі өзгерді. Енді олардың жұмыс уақыты сағат 17.30-да аяқталады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалиннің айтуынша, агенттік төрағасының тапсырмасымен агенттік және оның аумақтық бөлімшелері жаңа жұмыс уақытына көшіп, пилоттық режимге ауысады. Сағат таңғы 9.00-де басталатын жұмыс кестесі енді 8.30-да басталады. Ал түскі ас уақытын 1,5 сағаттан 1 сағатқа қысқарту арқылы агенттік қызметкерлері үйіне сағат 17.30-да қайтады. Бұл пилоттық режимнің нәтижесі оң болса, басқа да мемлекеттік органдарға енгізілетін болады. 

"Бұдан қандай пайда көреміз? Біріншіден, мемлекеттік қызметші отбасына және жеке өзіне көбірек көңіл бөледі. Өзін жетілдіруге уақыты болады. Спорттық секцияларға, мәдениет ошақтарына бара алады", - дейді Бердалин.


Просмотров: 14190
Похожие новости:
Миллион алатынын жасырмаған Мәмиді Назарбаев жұмыс кабинетіне шақыртты

Миллион алатынын жасырмаған Мәмиді Назарбаев жұмыс кабинетіне шақыртты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ....
Қазақстан әлемдік экспорттаушылардың ТОП-50-іне енді

Қазақстан әлемдік экспорттаушылардың ТОП-50-іне енді

Отандық экспорттаушылар құны 1,5 миллиард долларды құрайтын келісімшарттарға қол қойды...
Қазақстанда ипотека туралы жаңа заң күшіне енді

Қазақстанда ипотека туралы жаңа заң күшіне енді

Қазақстанда ипотека туралы жаңа заң күшіне енді...
Жылжымайтын мүлікті және көліктерді сату бойынша танымал сайттар бағаны доллармен белгілеуге тыйым салды

Жылжымайтын мүлікті және көліктерді сату бойынша танымал сайттар бағаны доллармен белгілеуге тыйым салды

Ағымдағы жылдың 2 қаңтарынан бастап тауарлар мен нысандарды krisha.kz, kolesa.kz және market.kz сияқты хабарлама беру сайттарына тек ұлттық валютада қоюға болады....
Жамбыл облысының басшысы Кәрім Көкрекбаев Меркі ауданында жұмыс сапарымен болды

Жамбыл облысының басшысы Кәрім Көкрекбаев Меркі ауданында жұмыс сапарымен болды

Жамбыл облысының басшысы Кәрім Көкрекбаев Меркі ауданында жұмыс сапарымен болды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.       Жұмыс сапарын  облыс әкiмi   «Меркі асыл тұқымды қой зауыты» АҚ-ы ...
Комментариев: 0
Добавить комментарий

Басқа видеолар

Спорт