» » КЕРЕКУДЕГІ БІЛІМ БӘСЕКЕСІ

КЕРЕКУДЕГІ БІЛІМ БӘСЕКЕСІ

КЕРЕКУДЕГІ БІЛІМ БӘСЕКЕСІ

Студент жастардың білімін шыңдап, ой өрісін, таным мен тағылымын кеңейте түсетін білім бәсекелері екені даусыз. Соның ішінде пән олимпиадаларының орны ерек.

Ұйымдастырылып келе жатқанына он бір жыл болған журналистика мамандығы бойынша білім додасы бұл жолы Кереку төрінде ту көтерді. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жалынды жастардың басы қосылып, өзара тәжірбие алмасып, ой бөлісті.

«Күш білімде» деп есептейтін студенттер тілшілік тіршілігінің қыр-сырын қаншалықты меңгергендігін осы бәсекеді дәлелдейді. Себебі бұл дода жастар «Ұлы даланың ұлағатын ұлықтап», өз оқу орнының мәртебесін көтеруге мүмкіндік алады. Сосын, бойдағы дарынының жан-жақты қырларын көрсетіп, бұрын мен бүгінді байланыстырған журналистиканың ішіне бүккен сырларын ұғынады. Айта кетейік, білім бәсекесінің басты ұстанымы да осы.

Кезең-кезең сайын журналистік шеберлікті қаншалықты игергендерін көрсететін Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген шәкірттер «Таныстыру», «Эссе» кезеңдерінде бақ сынасып, таланттарын көрсетеді.

Ал, екінші кезеңде журналистиканың әр түрлі тармақтары бойынша тест тапсырып, теориялық білімдерін сарапқа салады. Одан соң, «Жедел ақпарат» жазып, желіге жүктейді.

Соңғы турда студенттер «Ертіс – Баян өңірінің тарихы мен келбеті менің әсерімде» атты бейнесюжет дайындап, іскерлікке шыңдалады. Бұл еңбекті қазылар алқасы бағалап, үздіктерді анықтайды.

Керекудегі олимпиада студенттердің қала тынысымен танысып, қарт Ертіс бойындағы тарихи орындар сырларын білу мүмкіндігін сыйлады. Білім бәсекесі жалғасуда...

Айдар САЙЛАУОВ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті


Просмотров: 21760
Похожие новости:
Қ.Бишімбаев Қазақстанның сыртқы қарызын өсірмеуге сөз берді

Қ.Бишімбаев Қазақстанның сыртқы қарызын өсірмеуге сөз берді

Бүгін Мәжіліс іргесінде өткен үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қазақстанның сыртқы қарызын өсірмеуге сөз берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі....
Қазақстанның сыртқы қарызы соңғы төрт жылда сегіз есе өскен

Қазақстанның сыртқы қарызы соңғы төрт жылда сегіз есе өскен

2017-2019 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы заңды қараған Мәжіліс депутаттары осылайша дабыл қағуда, - деп хабарлайды Qamshy.kz....
Студент Nestle-ден Kit-Kat шоколадының өмірлік қорын талап етуде

Студент Nestle-ден Kit-Kat шоколадының өмірлік қорын талап етуде

Британиялық Саима Ахмад атты студент Nestle компаниясына шағым түсірді....
Қазақстан ТМД елдері ішінде доллардың өсуі бойынша рейтингте үшінші орын алды

Қазақстан ТМД елдері ішінде доллардың өсуі бойынша рейтингте үшінші орын алды

Қазақстан ТМД елдері ішінде доллардың өсуі бойынша рейтингте үшінші орын алды ...
Өзбек әншісі Тамила дау шыққан видеодан кейін елінен қашып Қазақстанға келген

Өзбек әншісі Тамила дау шыққан видеодан кейін елінен қашып Қазақстанға келген

Тамиланың әдепсіз бейне жазбаға түсіп қалғаны желіде тарағаннан бастап, оның парақшасында өзін балағаттаушылар көбейіп кеткен...
Комментариев: 0
Добавить комментарий

Басқа видеолар

Спорт