» » Қазақстанда Аи-80 бензинін енді қарапайым халық сатып ала алмайды

Қазақстанда Аи-80 бензинін енді қарапайым халық сатып ала алмайды

Қазақстанда Аи-80 бензинін енді қарапайым халық сатып ала алмайдыҚазақстанда Аи-80 маркалы бензинін өндіру көлемі қысқарады. Бұл туралы ҚазАқпаратқа Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады деп жазады Nur.kz.
«2015 жылдан бастап Аи-98 бензиніне мемлекеттік реттеу тоқтатылған еді, ал 2016 жылы мемлекеттік реттеу дизельдік отынға да жүргізілмейді. Аталған мұнай өнімдеріне баға сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады, яғни нарықпен реттеледі. Бүгінде мемлекеттік реттеу Аи-80 бензинінің бағасына ғана бекітілген»,-деп нақтылады министрлік өкілдері.
Белгілі болғандай, қазіргі кезде Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарында қолданыстағы қуатты қайта жаңарту мен жаңғырту жобалары жүзеге асырылуда. Осыған байланысты Аи-80 маркалы бензинін өндіру көлемі қысқаруда.
«Зауыттарды жаңғырту шаралары аяқталғаннан кейін, Аи-80 бензині тек кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің (ІІМ, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қорғаныс министрлігі) арнайы тапсырысымен ғана өндіріледі. Аталған шара Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарына орай іске асырылып отыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Дереккөз: ИА "Казинформ"
Просмотров: 36482
Похожие новости:
Мұнай бағасы құлдырауы мүмкін

Мұнай бағасы құлдырауы мүмкін

Америкалық банк қызметкерлерінің мұнай бағасына қатысты болжамы мәз емес...
2017 жылы Қазақстанда 1,7 миллион адам декларация тапсырады

2017 жылы Қазақстанда 1,7 миллион адам декларация тапсырады

2017 жылы Қазақстанда 1,7 миллион адам декларация тапсырады ...
2017 жылы 4 арнайы экономикалық аймақ іске қосылады

2017 жылы 4 арнайы экономикалық аймақ іске қосылады

2017 жылы 4 арнайы экономикалық аймақ іске қосылады...
Қазақстанда ипотека туралы жаңа заң күшіне енді

Қазақстанда ипотека туралы жаңа заң күшіне енді

Қазақстанда ипотека туралы жаңа заң күшіне енді...
Комментариев: 0
Добавить комментарий

Басқа видеолар

Спорт