» » Мүлікті заңдастыру 2016 жылдың соңына дейін жүргізілмек

Мүлікті заңдастыру 2016 жылдың соңына дейін жүргізілмек

Алматы қаласында соңғы екі жыл ішінде жалпы құны 808 миллион теңге болатын мүлік заңдастырылған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаментінде өткен жиында айтылды,-деп жазады 24.kz
Көлеңкелі экономиканың жолын кесу мақсатында биылғы жылдан бастап мүлікті жария ету заңнамасына бірқатар өзгеріс енгізілді. Осыған дейін жария етілген қаражатты есепшотқа салғаннан кейін 5 жыл күту керек болса, қазір бұл талап жоқ. Ақшаны кез келген уақытта шешіп алуға болады. Сондай-ақ жария етілген мүлік иесінің ешқандай қылмыстық, әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынына мемлекет кепілдік береді. Айта кетейік, Қазақстан салық істері жөніндегі өзара әкімшілік көмек туралы Страсбург конвенциясын қабылдаған. Әлемнің 90-ға тарта елі мүше халықаралық құжат шарты бойынша, қатысушы елдердің салық төлеушілеріне қатысты кез келген ақпаратты алуға мүмкіндік бар. Демек заңдастырылмаған мүлік пен ақша шетелде де айналымға түсе алмайды. Естеріңізге сала кетейік, мүлікті заңдастыру 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізіледі. Еділ Әзімшайық, Алматы қ. МКД түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы: - Басқа тұлғаға жазылған мүліктері бар, шетелдегі мүліктері бар, осылардың барлығынан арнайы декларация тапсыру қажет. Сол декларацияны тапсырғаннан кейін бұл мүліктер жария етілді деп есептеледі. Дегенмен мемлекеттік кірістер органдарында 5 күн уақыт бар. 5 күннің ішінде жария етуге қарсылық білдіруіне уақыты бар. Егер қарсылық білдірмеген жағдайда, бұл мүлік жария етілді деп есептелетін болады.

Категория: Инвестиция
Просмотров: 18776
Похожие новости:
"Қазақстан аруы-2015" Әлия Мергенбаева миллион теңгені қайырымдылыққа береді

"Қазақстан аруы-2015" Әлия Мергенбаева миллион теңгені қайырымдылыққа береді

"Қазақстан аруы-2015" Әлия Мергенбаева миллион теңгені қайырымдылыққа береді...

Жамбыл облысында жалпы құны 28,1 млрд. теңгені құрайтын 16 меморандумға қол қойылды

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.Жамбыл облысында жалпы құны 28,1 млрд. теңгені құрайтын  16 меморандумға қол қойылды...
Қазақстан ТМД елдері ішінде доллардың өсуі бойынша рейтингте үшінші орын алды

Қазақстан ТМД елдері ішінде доллардың өсуі бойынша рейтингте үшінші орын алды

Қазақстан ТМД елдері ішінде доллардың өсуі бойынша рейтингте үшінші орын алды ...
Өзбек әншісі Тамила дау шыққан видеодан кейін елінен қашып Қазақстанға келген

Өзбек әншісі Тамила дау шыққан видеодан кейін елінен қашып Қазақстанға келген

Тамиланың әдепсіз бейне жазбаға түсіп қалғаны желіде тарағаннан бастап, оның парақшасында өзін балағаттаушылар көбейіп кеткен...
Жылжымайтын мүлікті және көліктерді сату бойынша танымал сайттар бағаны доллармен белгілеуге тыйым салды

Жылжымайтын мүлікті және көліктерді сату бойынша танымал сайттар бағаны доллармен белгілеуге тыйым салды

Ағымдағы жылдың 2 қаңтарынан бастап тауарлар мен нысандарды krisha.kz, kolesa.kz және market.kz сияқты хабарлама беру сайттарына тек ұлттық валютада қоюға болады....
Комментариев: 0
Добавить комментарий

Басқа видеолар

Спорт